Пятница, 15 Ноябрь 2019 03:49

Бие сүтінен балмұздақ жасады Избранное

Автор 
Оцените материал
(0 голосов)
{socbuttons}

Ш ымкенттік өнертапқыштар бие сүтінен үш түрлі балмұздақ жасады. 40-тан астам белсенді биологиялық компоненттері бар саумалдан жасалған балмұздақтың бір ерекшелігі қант диабетіне шалдыққандар да аталған тәтті өнімді алаңсыз жей алады екен. Жаңа өнімнің жаңалығы да тап осы калориясының төмен болуында.

IMG-5371

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гаухар Шалабайдың жетекшілігімен аталған мектептің 11-сынып оқушылары Аружан Ендібаева мен Әлия Елшібай. балмұздақтың үй жағдайында жасалу технологиясын көрсетіп, пайдалы тұстарын айтып өтті.

Өнертапқыштардың айтуынша, бие сүті және табиғи таза өнімдерден әзірленген балмұздақтың калориясы кәдімгі тәттілерге қарағанда 2-3 есе төмен. Аталған өнімнің тағы бір пайдалы тұсы баланың иммунитетін көтеруге болады екен.

Ізденімпаз оқушылар шоколад қосылған, С дәрумені бар және апельсин дәмді балмұздақтарды сынамадан өткізіп көрген. Олар өз өнімдеріне «Kazakh ice» деп атау берген. Тіпті, ою-өрнекпен арнайы қаптамасы да жасалған.

Бүгінде жас өнертапқыштар жаңа өнімді нарыққа енгізуге әрекет жасап жатқанын айтады.

Прочитано 2957 раз