Версия для печати

«АДАМ БОЙЫНДАҒЫ БАР ЖАҚСЫЛЫҚ МҰҒАЛІМНЕН ДАРИДЫ» Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:45 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5653 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – ұстаздардың кәсіби мерекесі. Осы айтулы мерекеге орай Шымкент қаласының опера және балет театрында «Жарық нұры ғаламның...» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұстаздарға алғысын білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.

363

 

– Мәртебелі мұғалімдер! Әлемдегі ең асыл, ең сыйлы мамандық – ұстаздық. Қазақ халқының дәстүрінде де ұстаздың орны бөлек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, ұстаздар қауымының қоғамдағы абырой-беделі артып, әлеуметтік тұрғыда қорғала түсті, – деген қала әкімі білім беру саласы қаланың жүйе құраушы саласы екенін атап өтті.
Өткен аптада Мемлекет басшысы Шымкент қаласына жасаған іс-сапарында шымкенттіктердің іскерлігі мен еңбекқорлығы көпшілікке үлгі-өнеге екенін атап өткен болатын. Президенттің жоғары бағасында ұстаздарымыздың да ерен еңбегі бар.
– Қаламыздағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студентті қамтиды. Яғни, Шымкенттегі әр үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар. Сондықтан, мұғалімдердің қала экономикасындағы орны да ерекше әрі маңызды. Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолына қажет баға жетпес байлық – білім бересіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде Шымкент қаласының оқушылары халықаралық және республикалық пәндік білім сайыстарынан 10 алтын, 17 күміс, 33 қола жүлдені жеңіп алды. 200-ден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді. Бұл – үлкен жетістік, – деді М. Әйтенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһарда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында білім инфрақұрылымы дамып келеді. Атап айтқанда, 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтылуы – 89, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 100 пайызды құрайды. Қаланың демографиялық өсіміне байланысты 2025 жылға дейін тағы 105 балабақшаны іске қосу жоспарланып отыр.
Мектеп оқушыларының саны да жылдан жылға өсуде. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артқан. Алдағы 5 жылда 315 мыңға жететіні туралы болжам бар.
– Қаламызда 2021-2025 жылдар аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 50 мектеп жеке инвесторлар есебінен ашылды. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Ал «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр, – деді қала әкімі.
Осындай толымды жұмыстың нәтижесінде қалада үш ауысымда білім беретін мектеп мәселесі 2023 жылы, ал сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешімін табады. Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына байланысты бюджеттен 44,6 млрд теңге бағытталып, бастауыш сынып оқушылары толық тегін ыстық тамақпен қамтылды. Білім ошақтарында оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер орнатылып, оған І дәрежелі мамандандырылған күзет қызметі жұмылдырылған. Ал материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32 пайыздан 72 пайызға дейін артты.

362


Оқушыларды бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қосымша білім, спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі іске қосылды. Балаларды қосымша біліммен қамту жобасының нәтижесінде үлес бір жылда 49 пайыздан 76 пайызға дейін өсті. Шымкентте бұл көрсеткішті 2023 жылы – 85 ал 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мұғалімдер үшін барлық жағдай жасалуда. Оған «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы айқын дәлел. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін ұстаздардың еңбекақысы 75 пайызға өсті, 2023 жылы тағы 25 пайызға өсіп, нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артады.
Жиынды осындай жетістіктермен қорытындылаған Мұрат
Дүйсенбекұлы бала тәрбиесіне елеулі үлес қосқан 20-дан аса ұстазға «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және ҚР Оқу-ағарту министрінің «Құрмет граммотасын» табыстап, алғыс хатпен марапаттады. Салатанатты жиын опера және балет театры өнерпаздарының «Аршын Малалан» комедиясын тамашалауға ұласты.
Ұстаздар жайлы ұлы Абай «Адам бойындағы барлық жақсылық мұғалімнен дариды» деп баға берсе, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан
Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деген. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Ұстаздардың тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде алда талай елін сүйетін, білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз.