Версия для печати

ӨМІРДЕН ӨНЕР ЖАСАҒАН Избранное

Пятница, 23 Декабрь 2022 04:42 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4113 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Достық» орденінің иегері, платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек ері Дулат Исабековтың 80 жылдығына орай «Өмірден өнер жасаған жазушы» атты шығармашылық кездесу болды.

131

 

Әлемге әйгілі Дулат Исабековпен бетпе-бет жүздесіп, 80 жас толуына орай арналған кездесудің мақсаты – жастарға жазушының шығармаларын насихаттап оны ары қарай кеңінен таратып, жастардың көркем шығармаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Өмірден өнер жасаған жазушы» шығармашылық кездесуге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» және М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржекеев, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбек, ОҚМПУ ректоры Г.Сүгірбаева және тағы басқа да қонақтар келді.
– Жастар сабақтарын жақсы оқып, ерінбей еңбек етсе екен деймін. Міне, 80 жасқа келіп отырмын. Осы жасыма дейін бірде-бір жұмыссыз отырған күнім болған емес. Күн демей, түн демей кітап оқып, білімімді жетілдіріп, шығармалар жаздым. Жастар да өз жолдарын тауып талмай еңбектену керек. Еңбектеніп соның бейнетін көрсін. Мен жайлы өзім емес жанымдағы адамдар сөйлесін. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырған университет ұжымына алғысымды білдіремін, – деді Дулат Исабеков.
Бүгінгі таңда Дулат Исабековтың шығармалары қазақ халқының ғана емес әлем жұртшылығының назарында. Қаламгердің 80 жылдық мерейтойы аясында Алатау баурайында II халықаралық театр фестивалі өткен болатын.
–Дулат Исабеков шығармашылыққа жаны құмар адамдардың алдыңғы шебіндегі тұлға. Бұл кісінің шығармашылығы тамыры тереңге жайылған баға жетпес мұра. Д.Исабеков тек қана шығармашылықпен ғана айналысқан жоқ, белсенді қоғам қайраткері, Парламентте қазақ тілін қорғаған, қазақ тілінің мәртебесін биік көтерген және сол мәртебеге барлық азаматтарды шақырып жүрген беделді азамат, – деді философия ғылымдарының кандидаты, қауымдасқан профессор Әбдіжаппар Тұрашбеков.
Атағы әлемге танылған жазушы-драматургтың пьесасын тек өзіміздің елде ғана елде емес, әлем елдерінде де қойылып жатыр. Солардың бірі және бірегейі «lion&unicorn» театрында «Транзит жолаушы» пьесасы болатын.
–Еңбек ері, жазушы-драматург Д.Исабеков 80 жасқа толған туған күнін Оңтүстікте, өзінің туған жерінде атап өтуді жөн көрдік. Біздің ОҚМПУ-де Дулат ағамызбен студенттерді кездестіріп іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Осындай жүздесулер біз үшін өте маңызды. Өйткені, бірегей тұлға Дулат ағамызбен жүзбе-жүз кездесіп отырмыз, - деді Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева.

А.ӘБДІРАХМАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.