ЖОО есебiнен бiлiм алады

Пятница, 12 Август 2016 08:21 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4347 раз

Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» медаль иегерлерінің біршама санының мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды.

Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындардың басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған «Алтын белгі» иегерлерінің істерін жеке-жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырмақ.

Последнее изменение Пятница, 12 Август 2016 08:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.