«Шымкент келбетiмен» бiрге ағылшын тiлiн үйренейiк! (5-сабақ)

Пятница, 07 Октябрь 2016 06:59 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3890 раз

meruertАйдарды Меруерт БИМҰРЗАЕВА жүргізеді.

КӨРСЕТКІШ

Ағылшын тілі әлемдегі ең әйгілі тілдер қатарында үшінші орынды иемденген. Бұл тілде сөйлейтіндердің жалпы саны миллиардтан асып жығылады, яғни, жер шарындағы әрбір жетінші адам ағылшынша сөйлейді. Әрине, бұл Англия мен АҚШ-тағы ағылшындардың саны емес. Керісінше, Нигерияда ағылшын тілінде сөйлейтіндердің саны англиялық ағылшындардан көп. Ал Швецияда халықтың 89%-ы бұл тілді меңгерген.

ӘРІПТЕР

* Ағылшын тілінде ең көп қолданылатын әріп – e, ал ең аз қолданылатыны – q.
* Ағылшын тілінде әріптердің әртүрлі дыбысталатынын бәрі білсе керек. Мысалы: «He believed Caesar could see people seizing the seas» («Ол Цезарьдың теңізге қызыққан адамдарды көргеніне сенді»). Бұл сөйлемде [i:] жеті түрлі әріптердің оқылуымен келтірілген.
* Ағылшын алфавиті бұрын бір әріпті артық санайтын. Ол әріп – & деген белгі.

СӨЗ

Кез келген тілде басқа сөздерге қарағанда ерекше дыбысталып, қызықты жазылатыны болады. Ағылшын тіліндегі сондай сөздерден бірер мысал келтірейік:
* Ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстардан тұратын ең ұзын сөз – rhythms («ырғақтар»).
* Ағылшын тілінде бір сөзде алты рет дыбысталатын дауысты дыбыс бар – indivisibility («бірлік»).
* Ағылшын тіліндегі ең көп мағыналы сөздің бірі – set. Ол 44 етістіктің негізгі белгісі және жүздеген басқа да мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл сөзді аударарда мұқият болу қажет.
* Pneumono ultra microscopic silico volcano coniosis – ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз. Бір қызығы, бұл – медицина ғылымындағы дерттің атауы ретінде қолданылғанымен ондай дерт шын мәнінде жоқ.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.