Шымкент құрылыс бөлімінің басшысы Тәжібай Егетаевтың айтуынша, 2016 жылы 19 әлеуметтік нысанның құрылысына шамасы 8 млрд теңге қаржы бөлініп, оның ішінде 15 білім нысанының құрылысына 7,4 млрд теңге (14 мектеп, 1 балабақша), 3 спорт нысанының құрылысына 300 млн теңге және Бадам өзені бойын абаттандыру жұмыстарына 260 млн теңге қаралған.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2016 жылы 6 мектеп және 1 балабақша пайдалануға берілген. Аталған 7 нысанның екеуі ұлттық қор есебіне, қалған бесеуі (4 мектеп, 1 балабақша) облыс және қала бюджеті есебінен тапсырылды.
– Ал 2017 жылы жаңа 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланған және аталған жұмыстарға шамамен 3,2 млрд теңге қаралған, – деп баяндады құрылыс бөлімінің басшысы әкімдіктің кезекті отырысында.
Биыл қаламызда 5700 оқушы жаңа оқу ғимараттарында білім алады деп жоспарлануда.