Отан қорғау – қасиетті борыш Избранное

Пятница, 05 Май 2017 05:28 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4464 раз

DSC01590– Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл, Қазақстан Қарулы Күштеріне 25 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай, «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұжымы кешегі сұрапыл соғысты көзімен көрген аға буын өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, бірқатар іс-шараларды кеңінен атап өтуде. 

Айта кетейік, қазіргі күні мектебімізде 9-11 сыныптар бойынша барлығы 416 ұлан білім нәрімен сусындап жатыр. Оның 90 пайызы – жергілікті ұлт өкілдері. 38 мұғалім жұмыс істесе, оның 15-і – жоғары санатты. Дәріс қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізіледі. Жыл сайын мектепті 150 ұлан бітіріп шығады. 

Мектеп түлектерінің Ресей, Түркия, Беларусь еліндегі әскери оқу орындарында тәлім алып жатқандары баршылық. Мектебімізде негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облысынан келіп оқитындар көп.

DSC01592

Мұнда шәкірттеріміз ең әуелі тәрбиелі тұлға болып қалыптасады. Яғни, оқу бағдарламасы бойынша екі жылдық патриоттық тәлім-тәрбие алған оқушылар қай кезде де Отанын қорғауға әзір.

 

Ғазиз ТӨЛЕУІШЕВ,
Сабыр Рахымов атындағы республикалық
«Жас Ұлан» мектебінің басшысы, полковник

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.