Шекті балл – 50, жоғары балл – 140 Избранное

Среда, 24 Май 2017 05:02 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4883 раз

Жаз айы – мектеп демалысының уақыты. Алайда бітірушілерге бұл маусымда демалуға уақыт жоқ, өйткені, оларды 29 мамырда басталып 9 маусымға дейін созылатын бітіру емтихандары күтіп тұр. Ал 20 маусымнан 1 шілдеге дейін түлектер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырмақ.

zhanat tazhieva

«Осы жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта өтеді, – дейді Шымкент қаласы Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева. – Бұл дегеніміз, түлектердің біраз бөлігі мектеп қабырғасында қорытынды аттестация тапсырса, ЖОО-да оқуын жалғастырғысы келетіндерге тестілеуден өту қажет». 

Биыл қала бойынша жалпы орта мектепті 7431 оқушы бітіргелі отыр. Оның 5059-ы ҰБТ тапсырмақ (олардың қатарында 254 оқушы – «Алтын белгіге» және 173-і – ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер). 

11 сынып оқушысы қорытынды аттестаттау емтиханын мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні бойынша 1 таңдау пәнінен тапсырады. ҰБТ ЖОО-на түсуге емтихан және мемлекеттік грантты үлестірудің жүйесі қызметін қоса атқармақ.

 

ҰБТ-да неше балл жинау керек?

«Шекті балл өткен жылдағыдан өзгерген жоқ, сол 50 балл қалпында қалды, – деп түсіндірді қаланың Бас педагогы. – Талапкердің ЖОО-на ақылы негізде түсуі үшін бұл жеткілікті. Ал талапкер жинауы тиіс ең жоғарғы балл – 140».

Жанат Арысбекқызының айтуынша, алдыңғы жылдардағыдай келеңсіздіктер орын алмас үшін ҰБТ-ның барлық тапсырмалары БжҒМ өкілдерімен алдын ала тексерілген, соның нәтижесінде тест кітапшаларындағы 287 сұрақ алынып тасталды. Талапкерлер бұрынғыдай ҰБТ басталмас бұрын тексерістен өтеді: ұялы телефон, фотоаппарат және т.б. гаджеттер оларға кедергі келтірмеуі тиіс. Шпаргалка пайдаланған бітірушілердің жолы болмайтынын ашып айту қажет. Бір сөзбен, ҰБТ тапсырудың негізгі ережелері бұрынғы қалпында қалды.

Бүгінгі күні облыс орталығында ҰБТ тапсыратын, арнайы камера орнатылған 40 бөлімше дайындалған. 

Барлық бітірушіні мазалайтын бір сұрақ: шпаргалкамен ұсталып қалған жағдайда тестті қайта тапсыруға бола ма?

«Иә, болады, – дейді Жанат Тәжиева. – Тестті осы жылдың тамыз айында немесе келер жылдың қаңтарында ақылы түрде тапсырса болады».

ҰБТ тапсыруға байланысты жаңалықтар осымен бітпейді. Мәселен, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев биыл оқу гранттарының көбейгенін алға тартты. Ол жоғарғы білімді азаматтары еңбекке қабілетті қоғамның басым бөлігін құрайтын Ресей, Қытай сияқты елдерді мысалға келтірді. Бұл ел экономикасы мен оның келешегін көтеруге деген ұмтылыс деп айтсақ әбден болады.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.