Әсел ең жоғары балл жинады

Пятница, 30 Июнь 2017 06:44 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4172 раз

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, қорытындысы бойынша облыстың орта балы 76,8-ді құрады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашова мәлімдеді.

asel-en-jogary-ball-51

Оның айтуынша, облыс бойынша барлық аудан, қаладан 829 мектептен 21323 бітіруші ҰБТ тапсырған. Ал сынақ тапсыруға ниет білдірген 21668 оқушының 312-сі өз өтінішімен, 29-ы денсаулығына байланысты, 4 оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жеңімпазы) ҰБТ-дан босатылғандар. Сондай-ақ, тестілеуге кірген 3 оқушы ҰБТ ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу қорытындылары жойылды.
– 2017 жылғы ҰБТ қорытындысымен облыстың орта балы – 76,8-ді құрады. Атап айтсақ, Кентау – 90,6, Шымкент – 86,6, Отырар – 84,6, Қазығұрт – 81, Арыс – 78,9, Түркістан – 76, Түлкібас – 75,9, Төлеби – 75,3, Сайрам – 72,5, Шардара – 72,4, Созақ – 72, Сарыағаш – 71,9, Мақтарал – 71,2, Бәйдібек – 70,2, Ордабасы – 64,3 балды құрады, – деді Р.Ергашова.
Сынақ тапсырған түлектердің ішінде 100 балдан жоғары жинағандар 4113 болса, 120 балға дейін жинағандар саны 3004 оқушы, ал, 1109 бала 121-140 бал аралығында жинағандар.
Айта кетейік, сынақ кезінде Шымкенттегі ең жоғары 138 балды Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясының оқушысы Жаңабаева Әсел Маратқызы жинаса, 137 балды 10 оқушы, 136 балды 15 оқушы жинаған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.