Жаңа оқулықтар жеткізілуде Избранное

Пятница, 28 Июль 2017 05:02 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 6217 раз

Биыл шымкенттік шәкірттер оқулықтан тарықпайды. Бұл үшін қаламыздағы білім ұяларына 1 миллион 4849 кітап жеткізілмек. Бір емес, ондаған баспаханадан жарық көрген кітаптар қазір арнайы жүк көліктеріне тиеліп, мектептерге үлестірілуде.

Қаламызда барлығы 128 мектеп бар болса, биыл білім ұяларының кітаптармен жасақталуы үшін 12 бірдей баспаханамен арнайы келісім-шарт түзілген. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының айтуынша, шаһарамызға тиісті оқулықтар тамыз айының соңғы күндеріне дейін тасымалданады.

Оқулықтардың кімдерге берілетіні жайлы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы тарқатып айтып берді. 

– 25 тамызға дейін оқулықтар бізге толығымен жеткізіледі. 2, 5 және 7 сыныптардың оқушылары 100 пайызға кітаппен қамтылады. 1 және 8 сыныптың оқушылары да кітапты мектептен тегін алуға мүмкіндіктері бар. Ал 3, 4, 5, 6 және 11 сыныпқа дейінгі өзге де оқушылар – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және көмекке мұқтаж шәкірттерге оқулықтар түгел беріледі. Ал қалған оқушылар сауда нүктелерінен сатып алатын болады, – деді Жанат Тәжиева. 

Айта кетейік, биыл үлестірілуі тиіс миллионнан асып жығылатын кітаптар үшін қазынадан қомақты қаржы қаралған. Яғни мектеп оқушыларының оқулықтарына 1 млрд 300 миллион теңге бөлініп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.