Латын қарпінің жаңа нұсқасы таныстырылды

Среда, 13 Сентябрь 2017 05:21 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 243 раз

shymkala-72-10

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтті.

Жиында сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа әліппе әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор екенін және қаріпте ешқандай қате болмау керектігін айтып өтті.

Шара барысында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды. Оның айтуынша, жаңа әліппе 25 дыбыстан тұрады. Қазақ тіліне тән әріптер екі әріппен жазылады. Мәселен, ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue. Ал орыс тілінен енген ц, ф, х, в секілді әріптер латын әліпбиінде қолданыла береді. 

– Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқаларын жасап шықтық, – деді Ербол Тілешов. 

Дегенмен, әліппенің жаңа үлгісі халық арасында қызу талқыға түсіп, түрлі пікірлер айтылып жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.