Мархабат БАЙҒҰТ: «Бұл нұсқаның қолданылуы қиындық тудырмайды»

Среда, 11 Октябрь 2017 06:40 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3912 раз

Мархабат БАЙҒҰТ, 
жазушы, халықаралық «Алаш»  сыйлығының иегері:


21728267 1708370049173000 6322631945274553619 n

– Жалпы, мен бұған дейін де алғашқы нұсқаға байланысты өз пікірімді білдіргенмін. Негізінен, әріптердің азая түскенін қалап едім. Енді ғалымдар, тіл жанашырлары ұсынған бұл нұсқаға да қарсылығым жоқ. Үйреніп кету қиын болмас деп ойлаймын. Өйткені, мұндай әліпби бірқатар әлем елдерінде қолданылып жүр. 

Елбасы жұмыс тобымен кездесуде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып талқыламағанын атап өтті. Латынға көшу мәселесіне қатысты Президент Әкімшілігіне 300-ден аса ұсыныс түскенін білдік. Бұл соңғы нұсқа да көптеген ұсыныстар мен талқылаулардан кейін көпшілікке ұсынылып отыр. «Келісіп пішкен тон келте болмас». Дегенмен, жаңа әліпбиге ауысу үрдісі кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсе деймін.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.