Версия для печати

Латын әліпбиінің 3D кітапшасын жасады

Пятница, 27 Октябрь 2017 10:00 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 13484 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Бұл мәселе мектеп оқушыларына да қозғау салғандай. Жаңаша ойлай білетін зерек оқушыларымызға қанат бітірген. Сондай талапты жастың бірі оңтүстікқазақстандық Амангелді Жүсіп латын әліпбиінің 3D кітапшасын жасап шығарды. 


22449966 110591996367787 8359831800265476600 nА. Жүсіп – Төлеби ауданының мамандандырылған Дарын мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы. Ойы озық, қиялы ұшқыр шәкірттің талабы қуантады. Оның кішкентай балаларға арнап жасаған 3D кітапшасының ерекшелігі – смартфонмен бірге қолданылуында. 

Бұл бағытта үш ай талаптанып, білімін шыңдаған. Ізденістің арқасында жаңа технология екі аптаның ішінде дайын болды: кітаптың дизайны, әріптердің дауысы, 3d модельдері, бәрі тартымды. Онда AR технологиясы қолданылған. 

Технологияның ерекшелігі – смартфондағы қосымша бағдарлама арқылы камераны кітаптың арнайы бетіне қаратқанда оқулықтан 3D модельдегі дүниелер шығады. Кітапша әліпбидің екі үлгісінде де әзірленді. 

IMG 4315-26-10-17-11-37

Әрине, басты ерекшелік – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сай кітапта ұлттық нақыштағы оюлармен жасалуында. 

Сондай-ақ, кітапты есту қабілеті нашар оқушылар әріптерді визуалды түрде үйрене алады. Көзі нашар көретіндер әріптердің дауысын есту арқылы жақсы түсінеді. Жаңа технологиялық жоба әзірге, 10 әріппен ғана шектеліп отыр. 

– Мектептерге, балабақшаларға барып тәжірибелік сынақтар өткіздім. Бүлдіршіндердің бір кітапқа таласып қалған сәттері де болды. Тіпті әлі сөйлей алмайтын екі жастағы інім әліпбидегі әріптердің дыбыстауларын қайталап үйренуде, – дейді өзі. 

Жыл соңына дейін барлық 32 әріпті жасап бітірмек. Егер қолдау болса, қараша айында бәрі дайын болар еді. Тек кітапшамен тоқталмай, латын әліпбиіне арнап анимациялық сериалды мультфильм жасап көрмек ойы да бар. 

2225858

Бәрі де білімге деген құлшыныстың арқасы шығар. Амангелді бүгінге дейін ғылыми жобаларға да қатысты. Қазақтың ұлттық ойыны ақсүйектің компьютерлік нұсқасын да көпшілікке ұсынған-тын. 

– Латын әліпбиіне өту арқылы біз көптеген елдермен бәсекелестік қабілетімізді арттырамыз. Егер кішкентайларға қазірден бастап латын әліпбиін үйретсек, балалар ағылшын тілін тез меңгереді. Тіл үйренуге деген кедергі болмас еді. Бұл әліпбиге өту болашаққа бастар нақты қадам, – дейді оқушы замандастарына үн тастай. 

index2255Дарынымен дараланған оқушы информатика пәнінен бірқатар жетістіктерге жеткен. Робототехника сайысында облыста 1 орын, республикалық олимпиададан 2 орынға ие болған. Bebras халықаралық олимпиадасында 3 орыннан көрінді. Көкейінде бағдарламашы болсам деген арманы сайрап жатыр. Келешекте Сүлеймен Демирель университетінде білім алуды мақсат тұтқан. 

«Өнерліге өріс кең». Ойы зерек оқушы «Менің Арманым» интеллектуалды шоуына қатысу үшін Астанаға жол жүріп барады. Бұған дейін жартылай финалға жолдама алып келген еді. Енді алдында финалдық сынға өту міндеті тұр.

Мінекей, жаңа заманның технологияларын меңгеріп өскен осындай оқушыларымыз бар. «Білімдінің жүзі жарық». Біз жас дарынның алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!

Последнее изменение Пятница, 27 Октябрь 2017 10:11
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.