Версия для печати

Шымкентте РОБОТ ТЕХНИКАСЫН құрастыратын мектеп ашылды Избранное

Пятница, 03 Ноябрь 2017 06:11 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3801 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылды. Бұл игі шараны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Н. Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр.

robot

Роботтарды құрастырудың алғашқы жобасы Астанада сәтті жүзеге асырылған соң жастар кибермашиналарды құрастыру негізін шымкенттік балаларға үйретуге шешім қабылдапты. 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленген түлектер бұл қаржыға ғимарат жалдап, қажетті техника сатып алған. Жоба жетекшілерінің бірі С. Естиярованың айтуынша, олар балаларға робот жасау техникасының барлық негізін үйретпек. Бұл әдіс Астана қаласында сәтті тәжірибеден өтіпті.

– Төрт ай бойғы үйрету мерзімінде балалар электромобильдермен квадрокоптер құрастыруды үйренеді. Мұнымен қоса бағдарлама жасауды, 3D модельдеу мен басып шығару, гаджет, қосымшалар мен сайт жасауды оқиды. Маңыздысы - бағдарлама жасауға үйрету процесі ойын түрінде өтеді. Соның нәтижесінде балалар оқығандарын жақсы меңгереді, – дейді жоба жетекшісі және Назарбаев университетінің түлегі С. Естиярова.
Айта кетейік, аталған мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады. Курс 4 айға созылады. Оқу ақысы – айына 15 мың теңге.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.