Туған жер – патриотизмнің бастауы

Пятница, 02 Март 2018 12:28 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3759 раз

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы болашағымызды айқындап, бағытымызды бағдарлап берген маңызды құжат. Елбасы мұнда өзекті мәселелерге тоқталып, әлемдік көштен қалып қоймай, елді дамуға бастайтын бірнеше міндеттер жүктеді. Солардың бірі – «Туған жер» бағдарламасы.

tugan-jer

«Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады», – делінген мақалада.

Туған жер адам баласының мөлдір бұлағынан сусындап, топырағына аунап өскен, кіндік қаны тамған мекені. Ол әрқашан өн бойына ерекше сезім мен шалқар шабыт сыйлайды. Сондықтан да ақын-жазушылардың басым бөлшігі атамекен жайында қалам тербеген.   

Жалпы аталған бағдарлама жүрегі қазақ деп соққан әрбір жерлесімізге туған өлкенің жер-тасы мен өзен-көлдерін қастерлеп, ата-бабамыздың қалдырған аманатын ардақтауға үндейді. Ауылдан бастау алған сүйіспеншілік, бүкіл елді сүйюге ұласады. Міне, Елбасының мақаласындағы бағдарламаның түп негізі осыған саяды. 


 

Майра Уринбекова
№113 жалпы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.