Биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді Избранное

Среда, 23 Май 2018 09:08 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2464 раз

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша биыл өңірімізде 11-сыныпты 33766 оқушы бітіреді.

ҰБТ брифинг

Сондай-ақ, өңірде биыл 1692 мектеп бітіруші «Алтын белгіге», 1029 түлек үздік аттестатқа үміткер. Ағымдағы жылдан бастап «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған жағдайда мемлекеттік грант бөлу жүйесінде «Алтын белгі» иегеріне басымдық берілмейді.
Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, облыста 16 Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы бар, олардың 4-і ЖОО-ның базасында, 2-і аудан орталықтарында болса, 10-ы жалпы орта мектептерде орналасқан.
«Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пунктері арқылы жүзеге асады. Бүгінде тестілеу орталықтарында арнайы металіздегіш және ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш құрылғылар орналастырылған. Сондай-ақ, бейнетіркегіштер мен онлайн көрсетілім үшін 133 аудиотория арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Ұлтық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Сонымен қатар, 2018 жылғы тамыз айында және 2019 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті бал – 50 болып белгіленіп отыр» , – деді
Исатай Өмірзақұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.