Қос балабақша – бүлдіршіндер игілігіне Избранное

Среда, 20 Июнь 2018 04:17 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 272 раз

Шымкентте екі балабақша - №17 «Достық» және №37 «Әйгерім» (коррекциялық) бөбекжай-балабақшалары пайдалануға берілді. Ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.

ч2

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған бөбекжай-балабақшалар заман талабына сай жабдықталған. "Достық" балабақшасы – 50, ал "Айгерім" бөбекжай-балабақшасы 55 орынға лайықталған. Жеке спорт залы және дәрігер бөлмелері бар.
Балабақша ғимаратын «Otau Group» холдингінің президенті Қайрат Молдасейтов өз демеушілігі есебінен бүлдіршіндерге тарту етіп отыр. Екі балабақша да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Атамекен» бағдарламасы бойынша салынған.
– Бүгін ел игілігі үшін салынған әлеуметтік нысандардың біріне куә болып отырмыз. Бұл 60 және 50 орындық екі балабақша бүгіннен бастап ел игілігі үшін пайдалануға тапсырылады. Оның бірі – «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы психикалық дамуы шектеулі балаларға арналады. Екіншісі – «Достық» бөбекжай-балабақшасы тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларға арнап салынды. Осы бір тағдырдың салғанына еріксіз мойынсынған балғындар үшін қол ұшын созып, көмек берген Қайрат Құсейінұлына алғысымыз шексіз. Осындай қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлердің еңбектері өзгелерге үлгі боларлық шынайы патриотизмнің көріністері деп білемін, – деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында мектепке дейінгі 459 мекеме жұмыс істесе, онда 70 мыңға жуық бүлдіршін қамтылған. Мемлекет тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту үлесі 88 пайызды құрап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.