«Жас сарбаз» әскери-патриоттық тәрбиені жандандырады Избранное

Пятница, 12 Октябрь 2018 04:16 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 507 раз

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум түзілді. Оған Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және «Жас сарбаз» қоғамдық қозғалысы республикалық штаб төрағасы, генерал-майор Мұхамеджан Таласов қол қойды.

IMG-20181011-WA0010

Мемлекет басшысы 5 қазан күнгі халыққа арнаған Жолдауында әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру, әрбір мектепте осы жұмыстарды қолға алуды тапсырған еді. Осы орайда Қорғаныс министрлігі мен Шымкент әкімдігі Жолдаудағы нақты іс-шараларды орындауға кірісіп кетті.
Бес жыл мерзімге жасалған меморандум аясында тараптар жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасауғакелісті. Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік сезімнің, азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің қалыптасуына бірлесе жағдай жасалмақ. Шымкент қаласының әкімдігі тұңғыш болып осы іс-шараларға қолдау көрсетті. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та меморандум қалада әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға өз септігін тигізетінін атап өтті.
– Бұл қадам – Елбасының тапсырмасын орындаудағы алғашқы нақты іс-шаралардың бірі. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. «Сарбаз» балалар жасөспірімдер бірлестігі мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін нығайтуға өз септігін тигізбек. Осы орайда азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге келдік, – деді Шымкент қаласының әкімі.
Қорғаныс министрлігі жергілікті әскери бөлімдер және өңірлік қолбасшылықтарды арнайы жабдықтау, клубтардың жұмысын әрдайым назарда ұстамақ.
– Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Осы бағытта Қорғаныс министрлігі «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысын құрған еді. Бұл қозғалыстың республикалық штабының құрамына мемлекеттік органдардың, Қарулы күштердің және басқа да әскери және әскери құрылымдардың, қоғамдық жастар ұйымдарыңың өкілдері кірді.
Елбасы Жолдауда жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуді күшейтуді басым бағыт ретінде айқындады. Бұл келісім Шымкентте жастарды әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және жастарды әскери өмірмен таныстыруға зор мүмкіндік. Болашақта «Жас сарбаз» бірлестіктерін әр облыстан құруды жоспарлап отырмыз, – деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Сондай-ақ, меморандум аясында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу; жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ әскери қызметтің беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу; кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен және республикалық және өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау жоспарланып отыр.

Последнее изменение Пятница, 12 Октябрь 2018 06:15
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.