Версия для печати

Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізіледі Избранное

Пятница, 16 Ноябрь 2018 05:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3539 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда Шымкент қаласының әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы» ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті.

98

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік білім мекемелері үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екенін, бұл – мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі деп айтқан еді.
Қос тарап білім ошақтарының озық педагогикалық тәжірибелерін қаладағы басқа мектептерге тарату және Шымкеттегі инновациялық білім беру сапасын арттыру жайын сөз етті. Қала әкімі бұл орайда зияткерлік дербес білім беру ұйымына сенім артатынын жеткізді.
Меморандум аясында қалалық білім басқармасына қарасты мектептердегі мұғалімдердің кәсіби дамуы мен білім беру мазмұнын жаңарту үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарту көзделіп отыр. Осы арқылы Шымкент шаһарының оқушылары бәсекеге қабілетті білім алып, жаңа технологияны меңгермек. Бұл ретте Назарбаев зияткерлік мектептері заман талабына сай озық үлгілерді қолдануда.
Айта кетейік, республикадағы жалпы 20 зияткерлік мектепте 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Онда білім берудің екі түрлі бағдарламасы қатар жүзеге асырлады. Оның біріншісі дербес білім беру ұйымдары әзірлеген озық бағдарлама болса, екіншісі – халықаралық бакалавриат бағдарламасы. Аталған мектеп түлектерінің барлығы дерлік халықаралық жоғары оқу орындары мен мемлекеттік грант иегерлері атанып жүр.

Последнее изменение Понедельник, 19 Ноябрь 2018 08:23