Мектепте ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шарада аталған білім ошағының басшысы барлық оқушыларды құттықтап, оқу үздіктері мен түрлі сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп жүрген алғыр шәкірттер мен еңбекқор мұғалімдерді марапаттады. Сәуле Мамытбаева оқушыларды мектептегі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру арқылы экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру барысында жас ұрпақтың санасына сіңіріп жеткізу тәрбиенің басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Бұл ретте мектептің абыройын асқақтатып келе жатқан 8 «а» сынып оқушыларының еңбегіне ерекеше тоқталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» деген болатын. Расында, білімді ұрпақтың келешегі кемел, жолы жарқын болмақ.