Санды технологиялар – сыбайластыққа тосқауыл кепілі

Пятница, 21 Декабрь 2018 05:18 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4086 раз

Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан сыбайластықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар оң нәтиже беріп келеді.

Тажиева-2

Бұл тұста цифрлы технологиялардың орны ерекше. Ол бүкіл қызметтік үрдістің ашықтығы мен тазалығын көрсетеді. Нәтижесінде көлеңкелі әрекеттерге тосқауыл қойылып, білім саласындағы көрсетілетін қызметтер мен кадрлардың жұмысқа орналасуы барысында сыбайластық әрекеттердің жолы кесілуде.
Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау мемлекеттік қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында берілген барлық құжаттар «Электронды үкімет» веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде Департамент қызметкерлері өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру кезінде өтініш иелерімен тікелей қарым-қатынасқа түспей-ақ қызметті электрондық түрде жүзеге асыра алады.
Департамент 2018 жылғы 16 тамызда жаңадан құрылғанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 200-ге жуық білім беру ұйымынан лицензияны қайта ресімдеуге және 20 білім беру ұйымынан лицензияны алуға өтініштер түссе, 4-нің ғана өтініштері қанағаттандырылған.
Сондай-ақ, санды технологиялар кадрлардың жұмысқа орналасуы барысында да оң нәтиже беріп отыр. 2017 жылдан бері Шымкент қаласындағы барлық білім беретін мекемелерге үміткерлер электронды жүйе арқылы жұмысқа қабылдануда. Аталған жүйенің негізінде заңсыз іс-әрекеттерге нүкте қойылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру, кезекке қою және оқушыларды мектепке қабылдау жұмысын автоматтандыруда да үлкен жетістіктер бар. Соның нәтижесінде ата-аналар тарапынан шағым азайып отыр.
Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою біздің Департаменттің де маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Жанат ТАЖИЕВА,
Шымкент қаласы білім
саласындағы бақылау
департаментінің
басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.