«Өркен» білім грантына құжат қабылдау басталды

Пятница, 04 Январь 2019 07:22 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4809 раз

1 1

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019-2020 оқу жылына білім гранттарына құжат қабылдау басталды. «Өркен» ҚР Тұңғыш Президенті атындағы білім грантына 6 сынып оқушылары қатыса алады.

Мектеп директоры
Балқан Қасымовтың айтуынша, нақты білім грантының саны республикалық комиссия отырысында белгілі болады.
– Ол мектептің сыйымдылығы мен бюджетке байланысты бөлінеді. 19 қаңтарға дейін құжаттар қабылданады. Ал білім деңгейін анықтайтын конкурс наурыз айына жоспарланып отыр. Былтыр 120 оқушы қабылданды. Қазақ бөлімін – 80, ал 40 оқушы орыс бөлімін таңдады. Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалар мен алыс аудандардан келген оқушыларды жатақханамен қамтамасыз етіледі. Жыл санап оқуға түсуге ниетті оқушылардың саны өсіп келеді. Өткен жолы 1 грантқа 10 баладан келді. Бұл жолы олардың саны арта түспек, - деді мектеп директоры.
Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер мектептегі қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) Байқауға қатысу үшін өтініш беру;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) 086/У медициналық анықтамасы;
5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама (жатақхана бөлу, статисткалық мәліметтер үшін);
6) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6 сыныптың І жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз, 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың І жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз, 6 сыныптың І жарты жылдық табелі қабылданады).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.