Версия для печати

Отбасыларды татулыққа шақырады

Пятница, 29 Март 2019 04:52 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3548 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда орташа есеппен жылына 50 мыңға жуық шаңырақ шайқалып, соңы ажырасумен аяқталады. Сәтсіз неке жанұядағы әрбір жанға ауыр соғып, нәтижесінде балалар жапа шегетіні жанға батады.

52605974 2093877094021837 4393109059650191360 n

Қоғамды алаңдатқан проблеманы шешуде еліміздегі зияткерлік мектептер жүйесінде жаңа жоба пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Ол «Тату отбасы» деп аталады.

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасымен (United Nations Office on Drugs and Crime) бірге бір айлық «Тату отбасы» жобасы ұйымдастырылды.

Бағдарламаның негізгі міндеті – жасөспірімдер тәртібіне әсер ететін отбасылық факторлар санын азайту және олардың ата-аналарымен жақсы қарым-қатынас орнатуына жол ашып, көмектесу.

Жеті бөлімнен тұратын бұл іс-шараны әр аптаның сенбі күндері мектептің педагог-психологтарының ұйымдастыруымен кураторлар жүргізіп отырды.

Семинар барысында ата-аналар мен жастар болып жеке командада ойын көрсетеді. Ал отбасы бөлімінде оқушылар өз ата-анасымен сол ойынды қайта жалғастырады.

Аталған білім ордасындағы 7 сынып оқушылары мен ата-аналар бір ай бойы мектеп психологтары өткізген сабаққа белсене қатысты.

– Ата-аналар кездесулерде жасөспірімдер тап болатын негізгі проблемалар мен күйзеліс туғызатын жағдайлар туралы білсе, оқушылар өз армандары мен мақсаттарын айқындауды үйренді, - дейді педагог-ұйымдастырушы куратор М.Абилова.

Айта кетейік, курс жұмысы ең алғаш АҚШ-та, Айова штатында сапалы зерттеулерден кейін басталды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері 2001 жылы Стокгольмде өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуроодақтың мемлекеттік конференциясында жарияланған. Ал елімізде алғаш рет солтүстік өңірде жүргізілген.