Шымкентте жаңа мектеп ашылады Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:37 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1786 раз

Жаңа мектеп 2

Таяуда «Мирас» шағынауданындағы Жібек Жолы көшесінің бойынан 1180 орынды жаңа мектеп ашылады. Бұл жердегі саз кірпіштен салынған ескі мектеп бұзылып, жергілікті оқушылар үшін жаңа мектеп салынған болатын, бірақ өзге жерде бой көтерді.

Сондықтан «Мирас» тұрғындары үшін мектепке қатынау қиынға түсті. Енді жағдай өзгереді. Биылғы жаңа оқу жылында балалар өздеріне жақын жаңа мектепке барады. Сайрамда бірнеше балабақша мен мектеп салған белгілі кәсіпкер
Низамхан Сулайманов мектеп құрылысын бастады.
Жаңа мектептің жер учаскесін «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік»корпорациясы бөлген. Мектеп оқуға қажетті барлық құралдармен жабдықталады. Онда сынып бөлмелері мен 400 орынға арналған асхана, жаттығу залы, гимнастика залы, шахмат кабинеті, 3 компьютерлік сынып, лингафон кабинеті және медициналық орталық болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.