Білім мен дағды ұштасса...

Пятница, 19 Апрель 2019 04:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1912 раз

Шымкенттік оқушылар жаңартылған білім беру бағдарламасында көрсетілген дағдыларды толық меңгеруде. №27 «Мәртөбе» жалпы білім беретін мектебінің ұстаздар қауымы Қаратау ауданы бойынша білім беру мекемелерінің педагогтеріне танымдық дағдыларды дамытудың практикалық тәсілдерін түсіндіріп, семинар өткізді.

семинар1

Көп ұлтты шәкірттер тәрбиелеп отырған мектептің директоры Б. Танеевтің айтуынша, семинар білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруға, кәсіби білім, білік дағдыны дамыта отырып, тәжірибе алмасуға бағытталған.

Әлемдік тәжірибенің озық үлгісін үйретуге көшкен аталған білім ұясында бұл күні тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен – Қазақстан», «Дені сау ұрпақ – Ел болашағы», «Ұлы даланың жеті қыры», «Өнерлінің өрісі кең» атты көрмелерде жинақталған оқушылардың қолынан шыққан бұйымдар мен ғылыми жұмыстар көпшіліктің назарына ұсынылды.

Ал педагогикалық жәрмеңкеде мектеп ұстаздары 7 пән бойынша ашық сабақтар өтті. Тәжірибе алаңы – кәсіби өсу кепілі деп аталатын екінші бөлімде қалалық педагогикалық шеберлік орталығының менеджер-тренерлері коучинг-дәрісін жүргізді. Іс-шара соңы «Абай әлемі» және «Достық» оқушылардың шаңырақ қауымдастығы ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.