АНА ТІЛІ - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АНАСЫ

Четверг, 23 Май 2019 03:37 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4872 раз

 987382

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі, ұлттық болмысы.

Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі –  қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - «Қазақтың болашағы оның тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Елімізде тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес.

Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Дегенмен «сабақты ине сәтімен» деген. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын.

Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Алайда жастар арасында, кейбір мекемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр. Амал не, ана тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, ана тілімізді қастерлеп, мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру әр қазақтың міндеті.

Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

 

 

Н. ҚЫДЫРОВА,

Шымкент қаласы ИЧ 167/4 мекемесі

тәртіп бөлімінің жедел өкілі

Последнее изменение Четверг, 23 Май 2019 03:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.