Интернациолизация және инновация Избранное

Пятница, 25 Октябрь 2019 05:06 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2838 раз

«Жоғары білім берудегі интернациолизация және инновация». Шымкентте осы тақырыпты талқылаған ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

605

 

Халықаралық жиында Ауғанстан Ислам Республикасының консулы, Түркия, Австрия, Украина, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарының профессорлары қаладағы жоғары оқу орындарының оқытушыларымен пікір алмасып, маман даярлаудағы озық әдістерімен бөлісті.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мерейтой иелерін құттықтап, құрмет көрсетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен ауқымды жиын академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, х.ғ.к., профессор, аталмыш университеттің негізін қалаушылардың бірі
Қуатбекова Карамат Пердешқызының 75 жылдық мерейтойына арналып отыр.
Конференцияда университет ректоры Р.Әбдімұсақызы қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, іс-шараның сәтті өтуіне тілегін білдірді.

Другие материалы в этой категории: « Сайыста есе жібермеді БАЙҚАУДА БАҒЫ ЖАНДЫ »