БАЙҚАУДА БАҒЫ ЖАНДЫ Избранное

Пятница, 25 Октябрь 2019 05:18 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2997 раз

Шымкенттік Мәди Сәулебек Талдықорған қаласында өткен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында І орынға ие болып, жүлдемен оралды.

609

 

Мәди Сәулебек Шымкентте «Тілдерді оқыту әдістемелік орталығы» ұйымдастырған байқауда бағын сынаған болатын. Ол 50-ге жуық қатысушының арасынан суырылып шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Республикалық байқауға жолдама алған Мәди дарындылығын тағы да дәлелдеді.
– Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары және облыс орталықтарында ұйымдастырылған конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты. Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай, аталған ақын-жазушыларымыздың поэзиясы мен прозасынан үзінді оқыдық. Сарапшылар қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына баса назар аударды, - деді өнерлі жас.
Тұрсынжан Шапай, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Ерлан Рысқали, Азамат Шарғын секілді танымал азаматтар қазылық жасаған жарыста Мәди
Сәулебекке 150 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы тапсырылды.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.