Версия для печати

Талаптың мініп тұлпарын... Избранное

Среда, 30 Октябрь 2019 04:31 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3687 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының аудандық іріктеуі басталды. «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясындағы конкурс қалалық білім басқармасының Оқушылар сарайында өтуде.

205

 

Байқаудың алғашқы кезеңіне Еңбекші ауданы бойынша 34 мектептен 6-10 сыныпта оқитын 262 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Әдеби және тарихи танымдық шараның талабында көрсетілгендей, оқушылар 132 бет, 5206 жолдан тұратын Қобыланды батыр жырын жатқа айтудан сынға түсті. Нәтижесінде 1-ші орынды 150 000 теңге ақшалай сыйлық және Дипломмен марапатталған №100 мектеп оқушысы Ақзере Сапарбек жеңіп алды. 2-орынға ие болған №37 мектеп оқушысы Тұрсынай Балтабай 100 000 теңге мен Дипломды еншіледі. Ал 3-ші орын—50 000 теңге және Диплом №36 мектептен Әсел Абдикерге бұйырды. Жеңімпаздардың үшеуі де қалалық кезеңге жолдама алды.
Еске сала кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының ақтық сынында жеңімпазға 1 миллион теңге табысталатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.