Версия для печати

Тойхана емес, мектеп салса... Избранное

Среда, 30 Октябрь 2019 04:55 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3690 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж. Тәжиева қаладағы кәсіпкерлер мен инвесторларды жекеменшік мектеп салуға шақырды. Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Жанат Арысбекқызы бизнесмендер нысаналы мақсатын өзгерту арқылы кәсібін жаңғыртуға болатынын мәлімдеді.

212

 

Еліміздің үшінші мегаполисі республика бойынша жекеменшік мектеп салуда көш бастап тұр. Дегенмен, мұнымен қаладағы үшауысымды мектептердің мәселесі толық шешілген жоқ. Мектеп табалдырығын аттаған балалардың жыл санап өсуі қажеттілікті арттырып келеді. Осы мақсатта ел үкіметі орта білім беруді жан басына қаржыландыруға көшірді. Қазір білім ордаларының бюджеті қалалық білім басқармасынан бөлінген. Ал, жекеменшік мектеп саламын деген кәсіпкерлер үшін қолдаудың көп екенін жиын барысында спикер атап өтті.
Жанат Арысбекқызының айтуына қарағанда, «Құрсай» тұрғын алабы, «Жайлау» және «Самал – 3», «Нұрсәт» шағынаудандары мен «Shymkent city» қалашығында мектеп салған кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тиімді. Оқу жылында 14 жекеменшік мектеп ашылса, 5 еуі жаңадан бой көтерген.
Жиын барысында спикер салада атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Жалпы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 25 білім беру мекемесіне бару арқылы білім беру жүйесінде алдын алу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 166 заң бұзушылық анықталды. Орын алған заң бұзушылықтардың 132-і тікелей басшылықтың тарапынан болса, қалғаны жоғары тұрған орган тарапынан болған.
Спикердің айтуынша, департамент тарапынан мектеп формасын кимегені үшін 191 ата-анаға 2 306 375 теңге айыппұл салынып, оның ішінде 651 150 теңгесі өндірілген. Оның ішінде мектепке орамал тағып баратын 334 оқушы қыз анықталған.
Ж.Тәжиева қараша-желтоқсан айларында мектепке дейінгі 10 мекемеде зерделеу жұмыстары жалғасатынын айтты.