Версия для печати

Тіл шеберлері анықталды Избранное

Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:08 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3900 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үш тілді жетік меңгерген жастар үшінші мегаполисте бас қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тіл шеберлері «Тілдарын» республикалық олимпиадасында өзара мықтыны анықтады. Сайыста 14 жас өреннің тәжірибелері ортаға салынып, білімдері сыналды.

355

 

Ұйымдастырушылар алдымен қатысушылардың «Тілдарын» республикалық олимпиадасы аясында өткен Абай шығармаларын насихаттауға бағытталған әлеуметтік желілерде челлендж конкурсындағы нәтижелерін байқап шықты. Кейін студент-жастар үш кезең бойынша тапсырма орындады. Алғашқы айналымда берілген тақырыптардың үш тілде мазмұнын ашып, келесі кезеңде ілеспе аударма жасады. Яғни, филология ғылымдарының профессорлары, тіл мамандарына үш тілді білу деңгейін көрсетсе, соңғы сайыста қазақ тілінде берілген тақырыпқа эссе жазды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірге ұйымдастырған байқаудың нәтижесінде республикалық олимпиаданың бас жүлдесін Алматы облысының дарыны Жадыра Байназар жеңіп алса, бірінші орынды шығыс қазақстандық Лаура Байтлеуова иемденді. Екінші орын Жамбыл облысының үздігі Зайде Сармамудованың қанжығасында кетсе, үшінші жүлделі орынды Батыс Қазақстаннан келген Аружан Хасанова мен Қызылорда облысының тумасы Әсел Әбдірайым бөлісті. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен бұл күні «Көрме» орталығында қазақтың ұлы ақынының шығармаралы көрмеде ұсынылып, латын алфавитін насихаттау бойынша ойындар ойнатылды.