Менторлық – табыс кілті Избранное

Пятница, 08 Ноябрь 2019 07:12 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 376 раз

Миллионды қалада «Дарынды жастар – ел болашағы» атты форум өз жұмысын бастады. Бизнес тренерлер мен қоғам қайраткерлері жастардың басын құрап, оларға өмірде өз жолын табуға бағдар беріп, тұлғалық қабілетін дамыту және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін тәжірибелерімен бөлісуде.

369

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 120 студент-жас «Өңірлердегі жастарға ынталандыру жұмысын жүргізу үшін тәлімгерлер тобын оқытуды ұйым­дастыру» атты семинарына қатысуға өтініш білдірген. Бүгінгі шараға белгілі әнші-композитор Марат Омаров та менторлық жасап, өмірден түйгенімен бөлісуге арнайы келгенін айтады. Аталған форумды «Жастар жылы» аясында Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырып отыр.

368

 

Оңтүстік өңіріне жауапты министрліктің өкілі Р. Бақтияров менторлық жұмыстың жастарға берері мол екенін айтты. Сондай-ақ, «KAZBRANDS» қоғамдық қоры өңірлік жастар мәселелерін талдау мақсатында тың зерттеулерді ұйымдастыру үшін сарапшылар тобын жинап, соның қорытындысымен интерактивті карта әзірлеуді жоспарлап отыр.

Екі күнге жоспарланған форум аясында кездесулер мен семинарлар, түрлі тақырыптағы тренингтер мен спорттық жарыстар, концерттік бағдарламалар өткізіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.