Версия для печати

Тиімді екіжақты келісім

Четверг, 28 Ноябрь 2019 09:54 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4164 раз
Оцените материал
(0 голосов)

М.Әузов атындағы ОҚМУ ректоры Д.Қожамжарова қаладағы ірі кәсіпорын басшыларымен дөңгелек үстелде бас қосты. Еркін форматта өткен кездесуде екіжақты тиімді келісім жасалды. Тараптар ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Мақсат – бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру.

Университеттің 75 жылдығына орай жүзеге асқан шараның мақсаты – студенттерді дуалды білім беру әдісі арқылы болашақта сапалы маман етіп шығару.

Қара шаңыраққа жиналғандардың арасында «Саутс ойл» ЖШС Президенті С.Сейтжанов, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров, «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС бас директоры А.Оңғарұлы мен «Азия Трафо» ЖШС бас директоры С.Күнтуаров сынды елімізге белгілі кәсіпкерлер бар.

Кездесу барысында өндіріс орындарынан кафедра филиалдарын ашу, білім алушылардың оқу-өндірістік іс-тәжірибеден өтуі және түлектердің жұмысқа орналасуы сөз болады.

Жоғары оқу орнындағы студенттердің тек теориямен ғана шектелмей, тәжірибелі маман болуға бейімделуі университет ректорының басты назарында. Қазіргі таңда, аталмыш университет жас мамандарды жұмыспен қамту бағытында 200 ірі кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатқан.

Өткен жылы 3900 түлек маман иесі атанса, биыл олардың саны 5 мыңға жеткен. Университет ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша, оқуын аяқтаған түлектердің 65 пайызы жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, тәжірибе арттыру мақсатында 800-ге жуық өндіріс орындарына жолдама берілді. Екіжақты келісім аясында қолына диплом алған студенттер тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.