Ерекше соңғы қоңырау… Избранное

Пятница, 15 Май 2020 02:32 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 227 раз

1495766946 article b

Санаулы күндерден кейін оқу жылы аяқталуға жақын. Қашықтан білім алған оқушылар үшін төртінші тоқсанда өзгеріс көп болды. Тіпті, мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау сыңғырын ести алмаймыз ба деп қорыққан-ды. Ұлттық бірыңғай тестілеу тағы бар. Хош, коронавирусқа байланысты білім саласында қандай өзгерістер енгізілді?

тажиеваҮшінші мегаполисте биыл 8470 түлек мектепті бітіргелі жатыр. Оның ішінде 6046-ы қазақ тілінде, 1545 оқушы орыс тілінде, ал қалған 879-ы өзбек тілінде аяқтайды.
Шымкент мектептеріндегі 6840 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген.

– Өздеріңізге белгілі, оқушыларымыз биыл 4-тоқсанды қашықтан дәріс ала отырып аяқтайды. Яғни, 9(10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру, ал 11(12) сыныптардың түлектері үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырмай-ақ, жылдық баға қорытындысымен білімін аттестаттандыру енгізіліп отыр. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырады. Бұл сәт әрбір мектеп бітіруші түлекке тарихи оқиға. Енді алдымызда мектеп бітіру кештері және Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу секілді жауапты шаралар тұр, – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.
Шаһардың бас ұстазының сөзінше, білім сынағын тапсыруға өтініш білдіргендер жалпы түлектердің 80,7 пайызын құрайды. Қалада ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жоғары оқу орындары жанынан 4 пункт белгіленіпті.
- Жоғары оқу орындарының базасында орналасқан тест өткізу пунктерінде барлық материалдық жабдықтар әзірленген. 5g үлгідегі тұншықтырғыш, металл іздегіш құрылғылары мен қоса әр аудитория талапқа сай дайындалған. Бейнебақылау орнатылады, түлектердің ата-аналры, туыстарына да арнайы орындар болады, – дейді Ж.Тәжиева.
Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама бойынша сауалдар болмайды. Өйткені, оқушылар бұл жылы карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Сондықтан осындай жеңілдік жасалып отыр. Алайда, тест тапсырудағы талап қатал. Егер оқушы білім сынағы кезінде ұялы телефон немесе түрлі көмекші құралдар пайдаланғаны дәлелденсе, жинаған ұпайы желге ұшады.
– Тестілеу маусымның 20-сы мен 5-шілде аралығында Шымкенттегі 4 пунктте өтеді. Білім сынағы дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бірақ, санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс. Түлектер бір-бірінен алшақ отыруы үшін бір мезетте аудиторияда болатын оқушылардың саны да шектеледі. Ал екі тоқсанды қашықтан оқыған оқушылар аттестат алу үшін мектепке баратын болды. Соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектеп ауласында, ашық аспан астында мектеп бітіруші түлектердің ғана қатысуымен өтеді. Мұндай шараларға рұқсат беру эпидемиологиялық жағдайдың біршама жақсаруы нәтижесінде мүмкін болып отыр, – дейді Жанат Арысбекқызы.
Айтпақшы, «аста-төк дастархан, қызылды-жасылды киім-кешек, кортеж жасап, қыдыру секілді басы артық шығынға биыл жол жоқ», – дейді білім басқармасының басшысы.
Түлектерге білімін растайтын аттестат соңғы қоңырауда табыс етілмек. Ал оған түлектер тек мектеп формасымен келулері тиіс. Тәртіпке бас имегендерге қатаң шара көріледі. Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғанын растайтын сертификатты тек электорнды түрде ала алады.