ҒЫЛЫМҒА ХИМИЯМЕН үН ҚОСАМЫЗ Избранное

Пятница, 05 Июнь 2020 04:28 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 260 раз

Заман ағымы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қойылатын талап та жаңарып келеді. Елімізде білім беру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп айқын көрсетілген.

64

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану факультетінің ұжымы өскелең ұрпаққа саналы тәлім мен тәрбие, білім беру саласында аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда оқу жүйесінің теориялық және әдістемелік дәрежесін жетілдіру бағытындағы жұмыстарға басымдық берілген. Білім беру қай уақытта болса да жаңашылдылықты қажет етеді. Сондықтан оқытушыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Жаңа талаптардың мүддесінен шығып, еліміздің болашағы үшін нағыз маман иесін қалыптастыруда университеттегі түрлі танымдық іс-шаралар, атап айтқанда кештер, диспут, үйірме жұмыстарының тигізер әсері мол. Студенттердің сабақтан тыс уақытында білім-ғылымға құштарлығын арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті химия кафедрасында «Оңтүстік химия қырандары» ұйымының отырысы жүйелі өткізіліп отырады. Кафедрада ұйымдастырылатын бұл іс-шараның негізгі міндеті – студенттердің ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарын толық жетілдіруге жағдай жасау, олардың өндірістерде жаңа технологияларды енгізуге белсенділіктерін арттыру, тәжірибе жинауына, студенттер арасында ғылыми-техникалық шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру болып саналады.
«Оңтүстік химия қырандары» ұйымының өздеріне арналған эмблемалары, ұрандары бар. «Оңтүстік химия қырандары» ұйымының жұмысына химия ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Дүйсембиев жетекшілік етеді. Жаратылыстану факультетінде үйірмесі жұмысының кезекті мәжілісіне химия кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Шағраева қатысты. Үйірмеде кафедра қызметкерлері 5В0112-химия, 5В012500 химия-биология мамандықтарының студенттерін ғылыми зертханалармен таныстырды.
Кафедрада студенттердің жоғары деңгейде білім алуы үшін 4 химиялық зертхана қондырғылармен, 2 ғылыми-әдістемелік кабинет әдістемелік құралдармен, электронды оқу құралдарымен жабдықталған.
Жастарға сапалы білім беру қызметі – бейнеті мен зейнеті қатар жүретін, қателесуге болмайтын, тура жүріп, тура сөйлеуді талап ететін аса күрделі мамандық екені сөзсіз. Оған ұстаздардың дамылсыз қызметін қосатын болсақ, онда ауыртпалығының қандай екеніне көз жеткізуімізге болады. Университетіміз тек республикалық емес, халықаралық сапалы білім беру орталығына айналатына сеніміміз мол.

Марат ДҮЙСЕМБИЕВ,
ОҚМПУ оқытушысы, химия
ғылымдарының кандидаты,
доцент

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.