ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ ӨТЕТІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

Среда, 17 Июнь 2020 10:16 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 275 раз

WhatsApp Image 2020-06-17 at 15.20.13

Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қаладағы 3 жоғары оқу орнының базасында өтеді. Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, тестілеуге 8 570 түлек қатысады деп күтілуде.

WhatsApp Image 2020-06-17 at 15.19.59


Үшінші мегаполисте ҰБТ өтетін жоғары оқу орындарының бірі - М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасы. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева университет базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысып шықты. Қазіргі таңда карантин ережелеріне байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы сөз болды.

 

WhatsApp Image 2020-06-17 at 15.20.14


М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова 10 аудиторияның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай екендігін жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.