Робототехника – педагогика әрі табысты кәсіп Избранное

Пятница, 16 Октябрь 2020 04:27 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 243 раз

Бүгінгі таңда табыс табамын жеке кәсіппен айналысамын деген адамға барлық жағдай бар. Мемлекет сол үшін арнайы бағдарламалар жасап, шағын және орта бизнесті дамытуды Үкіметтің негізгі міндеті етіп белгіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы кезекті Жолдауында мұнайдың дәурені өткенін, енді экономиканы әртараптандыру, өркендету керектігін, ол үшін шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

208

 

Иә, жаңадан кәсіп бастағысы келген азаматтарға көп жеңілдік қарастырылған. Мәселен, арнайы бағдарламаларға қатысып, пайызы төмен несиемен бизнес жобасын қаржыландыра алады. Сонымен бірге жаңа бизнеске ден қойған кісілерге арналған сервистік қызмет көрсету мекемелері бар. Оған мәселен бизнес өкілдерінің құқығын қорғайтын «Атамекен» ұлттық экономикалық кәсіпкерлер палатасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған үкімет секілді сервистік орталығын жатқызуға болады. Онда іскер азаматтарға бизнесті жүргізудің қыр-сырын үйретеді. Сонымен қатар банктермен арада келіссөздер жүргізуге көмектесіп, бизнес-жоспар құру, тиісті құжаттар жинау жағынан көмек көрсетеді. Бұдан бөлек бүгінде шағын және орта бизнестің табыс әкелетін ең тиімді деген жобалары жинақталған кітаптар бар. Жеке кәсіп ашуға ниеттеніп жүрген азаматтар сол жинақтан өзіне керекті мәліметтер мен мол кеңес ала алады. Соның бірі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілігімен жарыққа шыққан Шағын бизнес үшін 100 жоба кітабы. Онда қазіргі заманға бейімделген, сұранысқа ие жүз түрлі кәсіптің жүргізу тәсілдері, тәуекелдері мен күтілетін табыстары қысқаша түрде баяндалған.
Мәселен, қазіргі таңда балаларға арналған робот техникасын құрастыру курсын ашуға болады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 3 миллион теңге қаржы керек. Жұмсалған қаражат 10 айда өзін-өзі ақтап шығады. Курсқа 5-14 жас аралығындағы балалар қабылданады. Оның қандай пайдасы бар? Біріншіден, бүгінгі заман талабына сай робот құрастыру техникасын үйренеді. Екіншіден, майда бөлшектерді саусағымен ұстау арқылы баланың миы дамиды. Курстың әрбір сабағының бағасы нарықтың сұранысына қарай белгіленіп, ең кемі 200-300 теңгеден басталады. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес соңғы уақытта еліміздің білім беру саласында робот құрастыру курстарының саны артқан. Оқу бағдарламасы бойынша балалар жас ерекшелігіне сай үш топқа бөлініп (5-6 жас, 7-9 жас, 10-14 жас) оқытылады. Жобаға банктен алған несие қаражатының 7 немесе 10 пайызын «Бизнестің жол картасы—2020» бағдарламасы арқылы субсидиялауға болады. Бизнес жоспарға сәйкес курсқа 60 бала қатысады. Бір айлық курстың бағасы 12 мың теңге. Бұдан түскен табыстан ғимаратты жалға алу, коммуналдық қызмет, салық төлемдерін, жарнама, несие мен басқа да шығындарды алып тастағанда 300 мың теңгедей табыс түседі. Ал бір жылдан кейін, құйылған қаражат өзін-өзі ақтап болған соң, робот техникасын құрастыру курсы жоба авторына бұдан да зор табыстар әкеледі.
Әрине пандемия кезінде кәсіптің бұл түрімен айналысуға болмайтыны белгілі. Себебі де түсінікті шығар. Оқушылар кезекші сыныпты қоспағанда барлығы қазір он-лайн режимінде үйлерінде білім алып жатыр. Індет толығымен жойылып, адамдар бұрынғы өмір дағдысына оралмағанша мектеп оқушылары, студенттер қашықтықтан білім алуға мәжбүр боп тұр. Өйткені мемлекеттің ел болашағы—жастарды қауіп-қатерге душар еткісі келмейтіні белгілі.
Дегенмен індетпен күрес мәселесінде осы уақытқа дейін Қазақстан әлем елдерімен бірге көп тәжірибе жинақтады. Қатерлі инфекцияның алғашқы толқынынан кейін еліміз тастүйін дайындыққа кірісіп, індетті бұрынғыдай жайылып кетпеуіне барынша күш салғалы тұр. Ковид-2019 жұқпасына қарсы вакцина әзірлеуде де осы індетті терең зерттеп жатқан шетелдерден жағымды жаңалықтарды естіп жатырмыз. Қытайда, Ресей мен АҚШ-та, Еуропада коронавируске қарсы екпені сынақтан өткізудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Бұйырса жақын уақыт ішінде адамзат ковид-2019 дейтін қатерлі індеттен мәңгілікке құтылады. Сол кезде бүгінгі біздің айтқан жобамыз өзінің маңыздылығына қайтадан оралатынына сеніміміз кәміл.
Бұдан бөлек тағы қандай жобаларды іске асыруға болатыны жайлы газетініміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар