БОЛАШАҚҚА БАҒДАРДЫ АЙҚЫНДАП БЕРДІ

Вторник, 05 Январь 2021 09:40 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 795 раз

5732533b-885d-4ed1-afff-5bb287eea669

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды. Мақала мазмұнында Қазақстанның өткені мен бүгіні толық сараланып, болашаққа бағдарды айқындап берген.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихын шартты түрде үш он жылдыққа бөліп, алғашқы он жылдық - жаңа Қазақстанның іргетасының қалану кезеңі, екінші он жылдық - Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі болса, үшінші он жылдықта мерейлі мемлекетке айналдық.
Президент шекара мәселесін біржола шешіп, «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межеледік деп тарих толқынын бағалай келе, алдағы төртінші он жылдықта атқарылатын жұмыстарды нақтылады.
Мақаладағы негізгі мәселелер бағдар мен белес, таным мен тағылым, қоғам мен құндылық, ұлағат пен ұстаным атты тарауларының идеясы мен мазмұнын, қастерлі Тәуелсіздік ұғымын бүкіл Қазақстандықтардың санасына сіңіру болып табылады.

 


Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.