Версия для печати

ШЫМКЕНТТІК ФУТБОЛШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДАН КҮМІС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Среда, 08 Июнь 2022 05:47 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3742 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Таяуда Петропавл қаласында NIS мектептері арасында футзалдан III желілік спартакиаданың финалдық кезеңі өтті. Кезекті маусымда ұлдар және қыздар арасындағы үздік құрама командалар анықталды.

567

 

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар командасы сайыстың алғашқы күнінде Көкшетау, Ақтөбе, Орал қаласының командаларына қарсы тартысты ойын көрсетіп, 7 ұпаймен жартылай финалға шықты. Ал ұлдар командасы Өскемен және Нұр-Сұлтан қаласының ойыншыларынан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады.

ІІІ желілік спартакиаданың үшінші күнінде командалар жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. Финалдық сында Шымкент және Петропавл қаласының оқушылары бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты ойында жерлестеріміз қарсыластарына 0:3 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдеге иелік етті. Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар командасы кезекті маусымды екінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ, сайыстың қорытындысы бойынша ұлдар және қыздар командаларының арасында үздік аяқдоп шеберлері марапатталды. Ұлдар арасында шымкенттік Бекзат Сейдазым «Үздік ойыншы» атанды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.