Біліммен биікке жол салынар Избранное

Среда, 07 Сентябрь 2022 03:57 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1256 раз

М.Әуезов атындағы ОҚУ жаңа оқу жылында 5 мың жасты студент қатарына қабылдады. Мерекелік іс-шара салтанатты түрде өтіп, оған ардагер-ұстаздар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

67

 

Мерекеге қатысқан М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың ректоры Дария Қожамжарова университет табалдырығын аттаған 1-курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Жиында студенттер шеруі ұйымдастырылды. Оған университеттің білім, өнер, қоғамдық жұмыс, спорт салаларында жетістікке жеткен студенттері, атап айтқанда, әскери кафедра студенттерінің тобы, үздік студенттерден құралған «Әуезовшілер тобы», «Сүлейменовшілер тобы», әлемдік, халықаралық, республикалық спорттық ойындар бойынша жеңімпаз атанған спортшылар тобы, сонымен қатар жаңа оқу жылында қабылданған «Алтын белгі» иегерлерінің шеруі ұмытылмас әсер қалдырды.
Студенттерінің ант беру рәсімінен соң, Дария Қожамжарова оларға салтанатты түрде білім кілті мен студенттік билетті табыстап, үздік блім алушылармен бірге жаңа оқу жылының білім алауын жақты.
Айта кетейік, еліміздегі үздік оқу орындарының үштігіне кіретін М.Әуезов атындағы ОҚУ өткен жылы студенттер саны бойынша Қазақстандағы ең ірі университет ретінде танылды. 2022 -2023 оқу жылында университеттің тек күндізгі бөліміне 5000 студент қабылданды, оның 2500-ге жуығы мемлекеттік грант, ал 75 студент – «Алтын белгі» иегерлері.