Версия для печати

БІЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ КІТАПХАНАДА

Среда, 07 Сентябрь 2022 04:23 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4829 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бүлдіршіндеріміз алғаш мектеп табалдырығын аттап жатса, мектеп түлектері жаңадан университет қабырғасына келіп, үлкен өмірге аяқ басуда. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті білім күнінде студенттерді салтанатты түрде қарсы алды.

 

Оқу ордасы еліміздегі жоғары оқу орындары арасында білім беру сапасы бойынша көш бастады. Ғылым мен инновация саласындағы жетістіктеріміз де жыл сайын артып, әлемдік аренадағы танымалдылығымызға жол ашуда. Бұл, әрине, рухы берік, бірлігі бекем Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ұжымының ерен еңбегінің жемісі. Оның ішінде талантты да талапты жастарымыздың қосып жатқан үлесі де сүбелі. Университетте білім беру жүйесі 34 бакалавр 13 магистратура 3 доктарантура мамандықтары бойынша жүзеге асырылып, 3 факультет, магистратура бөлімі еліміздің ертеңгі тірегі болатын жоғары білікті магистрант пен бакалавр мамандарын даярлауда.
Бүгінгідей жаһандық бәсекелестік ортада экономикасы жаңа технологияларға негізделген мемлекеттер ғана қалыпты жағдайда болары анық. Ал оның бастауы – цифрлы технологияларда.
XXI ғасыр – мәдениеттің, білім мен ғылымның заманы. Барлық білімнің қайнар көзі – кітапхана екендігі баршамызға белгілі. Қазіргі таңда студенттердің талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту оларды оқу материалдарымен, ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта да кітапханамызда жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Заман талабына сай студенттеріміз электронды оқу құралдарын кеңінен пайдаланылуда. Оқырмандарды ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (KazNUread ЭКЖ электронды кітапхана жүйесі read.kz/) және Республикалық Жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасы (РМЭБ rmebrk.kz/) электронды оқу базасы толықтай келісімшарт негізінде студенттерімізге қызмет көрсетуде. Сонымен қатар университет сайты жанынан кітапханамыздың электронды оқулықтары енгізілген электронды базасы lib-udn.kz/ru қажетті оқулықтар мен оқу құралдарының электронды және баспа түріндегі нұсқасымен студенттерді барлық білім беру бағыттары бойынша толық қамтамасыз етіп отыр. Аталған электронды ресурстар базасы бойынша студенттердің ұялы телефондарына енгізіліп, қосылу мүмкіндіктері толық көрсетілген.
Университетте студенттерге білім алуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Ендігісі, жастар білім алудан жалықпай, талмай ізденуі қажет.

Клара СҰЛТАНБЕКОВА,
кітапхана меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.