Среда, 27 Апрель 2016 06:08

Ардагерлерге қолғабыс етті

Шымкентте «Ардагерлерге құрмет» акциясы басталды. Шара аясында Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

ardagerler2

Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, ОҚО «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты және «Билайн» байланыс орталығының 40-қа жуық жастары қатысты. Олар бір күннің ішінде 5 ардагерге, атап айтқанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері С. Әбдінұров, Ө. Әденов, А. Бабаев, М. Ырысметов, В. Пашутина және А. Шаляның үйіне арнайы барып, қолғабыс етті. Жастар ардагерлердің ауласын тазалап ретке келтірді. Яғни, шөп ору, жер аудару, ағаштарды әктеу, сәкі мен қақпаны сырлау, қоқыс шығару жұмыстарын ауызбіршілікпен атқарды.

ardagerler1

Әл-Фараби ауданында тұратын 42 ҰОС ардагері бар болса, соның 17-сі жеке үйде тұрады. «Ардагерлерге құрмет» акциясы 9 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жастар қалған 12 ардагердің ауласын ретке келтіреді.

Опубликовано в Қоғам
Страница 7 из 7