26 маусым – Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні. Осыған орай Шымкенттегі «Арбат» демалыс аймағында ауқымды іс-шара өтті. Қаладағы жоғары оқу орындарының ерікті жастарынан жасақталған командалар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» деген ұранмен спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу, есірткісіз қоғам…
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Арбат» демалыс аймағында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімдер арасында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Профилактикалық іс-шарада қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ, ЖИТС-тің алдын алу мен…
Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді. Сенека
Мұғалім көп, алайда шәкіртінің есінде мәңгі қалып, үлгі бола алатын, көңіліне нұр себетіндері аз. Ұстаздық – барлық адамның бойынан табыла бермейтін асыл қасиет. Ол үшін білімді, сауатты маман болу аз, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы түзу, парасатты, бастысы балаларды жақсы көруі керек.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратына жиналған көпшілік Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет жастарының жарқын сәттеріне куә болды. Бұл күні білім жолында талмай ізденіп, табысқа жеткен талапты түлектердің барлығы жиналған. Шымкент қаласындағы іргелі оқу орнын 2024 жылы 4268 жас бітірді. Олардың 811-і магистр атанса, 3457-сі бакалавр дәрежесіне…
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде түлектерге диплом табыстау іс-шарасы өтті. «Үздік түлек-2024» деп аталған жиында төрт жыл білім мен ғылым нәрімен сусындаған бітіруші түлектер қолға диплом алып, үлкен өмірге қадам басты.
«Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын», – деген екен әйгілі жазушы Максим Горький. Ал, мен...
«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген қағиданы ұстанған «Дарын» орталығының жаңалығы көп. Түрлі қалалық, республикалық олимпиадалар ұйымдастырып жүрген орталық үшінші мегаполис жеткіншектерінің де зейіні мен қабілетінің, білімінің ашылуына зор үлесін қосып жүр. Әсіресе биылғы көктем олжалы болды. Шымкенттік 200 жас өрен республикалық пән…
Мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау – ең маңызды әрі есте қалатын жарқын сәттердің бірі. Елде орын алған су тасқынына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі биыл сәуір айында мектептерде соңғы қоңырау соғылмайтынын, 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта сынып…
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш мамыр айына дейін қабылданды. Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Ал төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр…