Шымкент мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Тарихы тереңде жатқан, іргелі білім ордасы Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейде білім күніне орай салтанатты жиын өтті.
Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназиясында білім күніне орай алғашқы қоңырау соғылып, мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиынға қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Шымкентте жаңа оқу жылы 223 мектепте басталды. Білім ошақтарының саны былтырмен салыстырғанда 20 мектепке көбейді. Оның ішінде 152 мектеп – мемлекеттік оқу орындары. Тиісінше, оқушылар саны 242 525 баланы құрап отыр.
педагогтердің тамыз кеңесінде саладағы өзекті мәселелер талқыланды Шымкент қаласында «Құндылыққа бағдар: сапалы білім, өзін өзі бағалау, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында педагогтердің тамыз кеңесі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Шаһар басшысы білім саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндап,…
Шымкент қаласында 2022-2023 жаңа оқу жылында 28 мың оқушы 1 сыныпқа қабылданады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш мың оқушыға артық. Мегаполисте туу көрсеткіш және көшіп-қону жоғары болғандықтан биыл білім басқармасы тарапынан мектептерге 5 мың оқушы артық келеді деп болжам жасалған. Осыған орай, сабақ сағаттары есептеліп,…
ШӘКІРТТІҢ АЛАҢСЫЗ ОҚУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Пятница, 19 Август 2022 04:25 Автор Айдар Құлжанов
Міне, 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне де санаулы күндер қалды. Күздің алғашқы күнінде балалар алтын ұя мектебімен қайта қауышып, білім нәрімен сусындауға кіріседі. Көңілі алып ұшып, зор үміт және мол қуанышпен мектеп табалдырығынан аттаған шәкірттің алаңсыз оқуына жағдай жасау – мектеп әкімшілігі мен ата-ананың…
Мектепте оқушылардың тегін тамақтануы енді Tolem жүйесі арқылы іске асырылады. Ол үшін ата-аналар 1 қыркүйекке дейін оқушыларына картаны рәсімдеп үлгеруі тиіс. Жаңа жүйе жаңа оқу жылында асханалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін 54 мектепте қолданыла бастайды деп күтілуде. Қолдарында Tolem картасы бар 1-4 сынып оқушылары…
Бүгінде Қаратау ауданында 60 мыңнан аса жас бар. Бұрын қалада бір ғана Жастар орталығы болса, өткен жылы мемлекеттің қолдауымен әр ауданның өзінің жастар орталығы құрылды. Бұл жастар үшін қуанышты жаңалық болды.
Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың білімі мен қуатын дұрыс бағытқа пайдалану қажет. Жастардың тың идеялары, алғыр шешімдері, оң бастамалары қоғамда қолдау табуда. Жастардың өмірден өз орнын табуына, түрлі дағдыларды игеруіне, мемлекеттік деңгейде іс шаралар атқарылып жатыр.
Жаңа оқу жылы таяп келеді. Ата-аналар ұл-қыздарына мектепке қажеттісін алып, жақсы білім алуына жағдай жасайды. Осындай қауырт шақта базар бағасы барынша құбылатыны рас. Сондықтан болар, тамыздың алғашқы аптасынан бастап-ақ ата-аналар баланың мектепке дайындығын пысықтай бастайды. Бір балаға қанша қаражат жұмсалады? Қарапайым отбасы үшін бұл қаншалықты…