Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2022»кәсіби шеберлік чемпионатының қалалық кезеңі қорытындыланды. Аймақтық чемпионат 20-27 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 15 колледждің базасында өндірістік кәсіпорындардың атсалысумен өткізілді.
NIS-те биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды, оны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеу жоспарланып отыр. Қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде мың оқушы ойнады.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Билал Алиев 13-15 cәуір аралығында өткен халықаралық В. И. Вернадский ғылыми-зерттеу байқауында аймақтық өлкетану бағыты бойынша жоба қорғап, бірнеше бағытта лауреат атанды.
Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономия ғылыми жарысында NISШымкент оқушыларыжоғары нәтиже көрсетті.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл ардагерімен кездесуге барып қайтты. Ұлы аяқталғаннан кейін тылда еңбек етіп, жазушылық жолында еңбектерін соғыс тақырыбына арнаған 82 жастағы Тұрдалы Османовтың шығармаларымен танысты. Қанды жылдардың оқиғаларын 92 жастағы  Абылай Қазыбаевтан естіп,…
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қазақ әдебиетіне арналған «Қазағымның әдебиеті» атты ауқымды жобаны қолға алды. Оқушылар, ұстаздар және ата-аналарды белгілі ақын-жазушылармен жүздестіретін символдық қоңырау барлық NIS-те соғылды. Бірыңғайәдебиет сабағы мектептің YouTube арналары мен басқа да интернет-платформаларда тікелей…
Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатыр. Наурыз айында Түркияның Стамбул мен Анкара қалаларында Түрксой ұйымының ұйымдастыруымен халықаралық жиын өтсе, сәуір айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық кітапханада А.Байтұрсынұлына арналған көрме өткізілді. Дегенмен, ұлт ұстазының мол мұрасы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Ахмет…
Шымкент қаласы Абай ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен №52 жалпы орта білім беретін мектептің мәжіліс залында профилактикалық егулердің маңыздылығы туралы ата-аналар арасында түсіндіру жұмысы өткізілді.

ІРГЕЛІ ҒЫЛЫМНЫҢ ІЗІ БАР

Пятница, 08 Апрель 2022 03:10 Автор
Қазақстандық ғылымның дамуына медициналық жоғары оқу орындары да маңызды үлес қосуда. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы еліміздің ең ірі өңірлік ғылыми орталықтарының бірі саналады.
Еліміздегі ғылым аға буынның мол тәжірибесі мен жас толқынның креативті ізденімпаздығы нәтижесінде қарқынды даму әлеуетіне ие. Салаға жауапты Білім және ғылым министрлігі тарапынан қалыптасқан әлеуетті одан әрі дамыту, заманауи жаңа білім шығаратын іргелі ғылым ордаларын ортаға шығару және ел экономикасына әсер ететін күшке айналдыру мақсатында…