Кеш қонағы білім саласы мен өнер жолында ұзақ жылдар еңбек еткен зерттеуші, ғалым, музыкант, оқытушы Бақытжан Байымбетов қатысты. Ол өскелең ұрпаққа ұстаздық жолындағы жетістіктерімен, тәрбие беру тәжірибесімен бөлісіп, тағлымы мол әңгімесін айтты.
Оқушылар Б.Байымбетовке өздерін ойландырған сауалдарын қойып, ой бөлісті. Сонымен қатар, №1 Жамал Омарова атындағы саз мектебі мен А.Навои атындағы №11жалпы орта мектебінің шығармашылыққа жаны құмар оқушылары ақындардың өлеңдерін оқып, домбыраның құлағында ойнады. Жиын соңында «Өнерлі жастар өрге озады» атты кітап көрмесін аралады.
Ақмарал ШЫМКЕНТБАЕВА,
Шымкент қалалық ОБКЖ
14 балалар кітапханасының кітапханашысы