Версия для печати

Өнер-білімге талпынған жастар Избранное

Пятница, 17 Март 2023 05:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2769 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарынын арттырып, қабілетін ашып, ұлттық ән-күйлеріміз бен жырларымызды өз нақышынан айырмай өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің №14 филиалында «Өнер – білімге талпынған жастар» атты дөңгелек үстел өтті. Оған кітапхана жанына құрылған «Өнерлі жастар» үйірмесінің мүшелері атсалысты.

501

 

Кеш қонағы білім саласы мен өнер жолында ұзақ жылдар еңбек еткен зерттеуші, ғалым, музыкант, оқытушы Бақытжан Байымбетов қатысты. Ол өскелең ұрпаққа ұстаздық жолындағы жетістіктерімен, тәрбие беру тәжірибесімен бөлісіп, тағлымы мол әңгімесін айтты.
Оқушылар Б.Байымбетовке өздерін ойландырған сауалдарын қойып, ой бөлісті. Сонымен қатар, №1 Жамал Омарова атындағы саз мектебі мен А.Навои атындағы №11жалпы орта мектебінің шығармашылыққа жаны құмар оқушылары ақындардың өлеңдерін оқып, домбыраның құлағында ойнады. Жиын соңында «Өнерлі жастар өрге озады» атты кітап көрмесін аралады.

Ақмарал ШЫМКЕНТБАЕВА,
Шымкент қалалық ОБКЖ
14 балалар кітапханасының кітапханашысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.