Туристік-өлкетану және эколоиялық слеті өз мәресіне жетті

Пятница, 02 Июнь 2023 10:14 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4007 раз

ekologia-slet

Туризммен шұғылдану балаларды еңбексүйгіштікке, қайсарлыққа тәрбиелейді. Туризм арқылы балалар көп нәрсені үйренеді. Жанға дауа, таза ауада жорықтарға шығып, туған өлке табиғатын тамашалайды, зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізеді, денелерін шынықтырады, ұйымшылдыққа тәрбиеленіп, қоршаған ортаны танып біледі. Туристік жорықтардың денсаулықты нығайтуға, баланың шымыр да, ширақ болып өсуіне үлкен ықпалы бар.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жасаған жолдауының алтыншы тармағында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек» деген болатын. Осыны басты мақсат қылған «Экология, өлкетану және туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әр жылда туристік іс-шаралар жүргізіп отырады.

Жуырда Мекеменің ұйымдастыруымен Сайрам ауданы, Құтарыс елді мекені «Ақсу» сауықтыру лагерінде «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті және «Төрт тоқсан –төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы Төртінші тоқсан Туған өлкем фестивалі аясында Үйірмешілер арасындағы қорытынды экологиялық, туристік-өлкетану слеті ұйымдастырылып өткізілді.

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті Шымкент қаласы білім басқармасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі №174 бұйрығына сәйкес балалар мен жастарды азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 17-19 мамыр күндері аралығында өтті.

Слетке жалпы 12-17 жас аралығындағы оқушылардан құралған, ауданаралық кезеңнен іріктелініп алынған 20 білім беру мекемелері (команда) қатысты:

Мекеме атауы

Абай ауданы бойынша сайысқа қатысушы мектеп командалары

1

№55 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жалын-1» командасы

2

№89 ІТ мектеп-лицейінің «EcoLife» командасы

3

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының «Тұлпар» командасы

Әль-Фараби ауданы бойынша сайысқа қатысатын мектеп командалары

4

«Оқушылар сарайы» МКҚК «Жасstar» командасы

5

Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің «Азимут» командасы

6

Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің «Эверест» командасы

7

М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының «Жасыл әлем» командасы

8

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ-лицейінің «Ұшқын» командасы

Еңбекші ауданы бойынша сайысқа қатысатын мектеп командалары

9

Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас туристер» командасы

10

Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің       «84 қырандары» командасы

11

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясының «Қыран-1» командасы

12

№68 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жалын-2» командасы

13

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ «Парасат» командасы

14

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ «Экотурист» командасы

Қаратау ауданы бойынша сайысқа қатысатын мектеп командалары

15

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінің «Қыран-2» командасы

16

№79 жалпы орта білім беретін мектебінің «Тұран» командасы

17

№135 жалпы орта білім беретін мектебінің «Болашақ» командасы

Тұран ауданы бойынша сайысқа қатысатын мектеп командалары

18

А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің «77 Brand» командасы

19

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің «Барыс» командасы

20

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Эковолонтер» командасы

Слетке қатысушыланы келесі блоктар мен номинациялар бойынша сайысқа түсті:

1. «Команданың визит карточкасы» (тұсау кесер) таныстыру.

ІІ. Туристік блок.

1. «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы.

2. «Туристік түйіндер» номинациясы.

І. Өлкетану блогы. «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша:

Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет бағыты.

Туризм-спорт, денсаулық, демалыс бағыты.

Өшпес жұлдыздар бағыты.

ІІІ. Шығармашылық блок.

1. «Бард әндері» номинациясы.

Төрешілер алқасының шешімімен төмендегі көрсетілген білім беру мекемелері (командалар) жеңімпаз деп танылды:

Р/с

Жүлде дәрежесі

Жеңімпаз команданың атауы

Мектеп атауы

«Команданың визит карточкасы» бойынша

1

І орын

«Жасstar»

«Оқушылар сарайы» МКҚК

2

ІІ орын

«Қыран-1»

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия

3

ІІІ орын

«Жалын-2»

№68 жалпы орта білім беретін мектеп

«Туристік блок» бойынша «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы

4

І орын

«Экотурист»

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

5

ІІ орын

«Тұлпар»

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия

6

ІІІ орын

«84 қырандары»

Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектеп    

«Туристік түйіндер» номинациясы

7

І орын

Рамазан Диас

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия

8

ІІ орын

Артықбаева Аяла

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

9

ІІІ орын

Мырзағали Жандаулет

Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп

«Өлкетану блогы» бойынша Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет бағыты

10

І орын

Абдырасыл Аяжан

А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей

11

ІІ орын

Мықтыбек Рамазан

№89 ІТ мектеп-лицей

12

ІІІ орын

Жарылқасын Нұрмира

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Туризм-спорт, денсаулық, демалыс бғыты

13

І орын

Өтеген Жанель

А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей

14

ІІ орын

Аллақұл Алия

№68 жалпы орта білім беретін мектеп

15

ІІІ орын

Қанатұлы Абылай

«Оқушылар сарайы» МКҚК

«Өлкетану блогы» бойынша

«Жас өлкетанушы» номинациясы

16

І орын

Жарылқады Айша

А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей

17

ІІ орын

Тұрғын Әсем

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

18

ІІІ орын

Аманбай Мерей

№68 жалпы орта білім беретін мектеп

Шығармашылық блок «Бард әндері» байқауы

19

І орын

Шалабай Ұлан

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

20

ІІ орын

Мусералиева Айдын

Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицей

21

ІІІ орын

Сайпил Бекнұр

№55 жалпы орта білім беретін мектеп

Командалық орын

25

І орын

«Жас әлем»

А.Асқаров ат. №77 мектеп-лицей

26

ІІ орын

«Парасат»

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

27

ІІІ орын

«Қыран»

Алпамыс батыр ат. №40 мектеп-гимназия

Іс-шараны өткізуге Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы, «Қаратау өнер мектебі» МКҚК, Мирас университеті, «Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі» МКҚК, «Төлеби аудандық жас туристер станциясы» КММ, Әдет-ғұрып салт дәстүр орталығы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы және Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы белсенді атсалысып өз үлестерін қосты.

Қалалық слеттің жеңімпаздарынан іріктелеген топ Шымкент қаласы атынан 2023 жылдың қыркүйек айында өтетін республикалық слетке қатысатын болады.

2023 жылдың 24-26 мамыр күндер аралығында өткізілген «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы Төртінші тоқсан Туған өлкем фестивалі аясында Үйірмешілер арасындағы қорытынды экологиялық, туристік-өлкетану слетінің мақсаты үйірме білім алушыларының жыл көлемінде туристік-өлкетану және экологиялық бағытта алған білімдерін пысықтау, экологиялық білім мен тәрбиені кеңінен насихаттау, туған өлкесінің тарихи-мәдени нысандарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туристік дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болатын.

Үйірмешілер арасындағы қорытынды экологиялық, туристік-өлкетану слетіне үйірме білім алушылары арасынан құрылған 22 команда қатысты.

Слет «Команданың визит карточкасы», «Туристік кедергілер жолағы», «Туристік түйіндер», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлкеміздің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» және «Кел достар, ән шырқайық» номинациялары бойынша өткізіліп, қазылар алқасының шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз деп танылды:

Р/с

Жүлде дәрежесі

Жеңімпаз команданың атауы

Үйірме атауы

Командалық орын

1

І орын

"Экотурист"

"Жас құтқарушы турист"

2

ІІ орын

"OLKE TOURIST "

"Жас өлкетанушы"

3

ІІ орын

" Жалын"

"Жас өлкетанушы-географ"

4

ІІІ орын

"Парасат"

"Велотуризм"

5

ІІІ орын

"Жас гид"

"Жас гид экскурсовод"

6

ІІІ орын

"Жас турист"

"Жас турист нұсқаушы"

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың ауданаралық іріктеу кезеңі мен қалалық слеті және Үйірмешілер арасындағы қорытынды экологиялық, туристік-өлкетану слетінің өткізілу барысында оқушылардың туристік, өлкетану, экологиялық бағыттағы білімдері және туристік дағдылары мен шеберліктерінің жоғарғы деңгейде екені байқалды.

Бүгінгі мақтаныш тұтқан тәуелсіз еліміздің білімді жастарымыз биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін.

Әдіскер Ерсары Гүлнұр Рысқұлбекқызы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.