Аналар – елдегі ынтымақтың ұйытқысы Избранное

Среда, 21 Август 2024 05:46 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1233 раз

Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Ел анасы» тақырыбында семинар-тренингі өтті. Семинарға 50-ден астам аналар қатысты. Мұндағы мақсат – аналардың еліміздің дамуына қосқан үлесі мен олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жеткен жетістігін көпшілікке таныту.

elAnasi

 

Семинарды Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сүгірбаева ашып, жүргізді.
Жиында кеңес мүшесі, «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының төрайымы Г.Төлепова «Ел Аналарына құрмет» тақырыбында, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ проректоры, қоғамдық кеңес мүшесі Б.Исабек «Алжир азабын тартқан аналар тарихы» тақырыбында сөз сөйледі. Кәсіби психолог Г.Айтжанова «Құндылық құны» тақырыбында психотерапиялық тренинг өткізді.
Жиын соңында еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, жас буынды тәрбиелеу ісіне сүбелі үлес қосқан ардақты аналарға Алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.
Айта кетейік, Аналар кеңесі – отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қалалық ассамблея жанында қоғамдық негізде әрекет етеді.
Аналар кеңестері жыл басынан бері 20-дан астам іс-шаралар өткізді. Білім мекемелері мен тұрғын алаптарда 12 кездесуге қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.