Ерлiк – ұрпаққа ұран Избранное

Пятница, 06 Май 2016 09:58 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3769 раз

70527711

Құрметті Ұлы Отан соғысының
ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

akimҚасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын, қуанышты да қайғылы, рухы биік мереке. Бұл мейрам – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, Жеңіс жалауы желбіреген күн, халқымыздың өрлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз – бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Жеңіс күні қарсаңында біз тәуелсіз еліміздің айтулы мемлекеттік мерекесі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз. Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер үлкен ілтипатқа ие. Бүгінде Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Қадірлі жерлестер!

Бүгінгідей айтулы мерекеде барлық бастаған бастамалар оң жемісін беріп, Отанға адал, елге қайырымды, еңселеріңіз биік, мерейлеріңіздің үстем болуын тілеймін. Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болғай! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елінің көк байрағы мәңгі бейбітшілік аспанында желбірей бергей! Мереке құтты болсын!

Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Последнее изменение Пятница, 06 Май 2016 10:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.